Еліміздегі жоғары оқу орындарының бір апта ішіндегі жеткен жетістіктері

2278
Adyrna.kz Telegram
Фото: caravan.kz
Фото: caravan.kz

Ғылымда демалыс жоқ, ғылым тек білімге қонадыдеген... Еліміздегі білім саласының қазіргі бет алысыосы сөзімізге дәлел бола алады. Айналдырған аз уақыт ішінде ғылымның даңғыл жолына қайта түстік. Жастардың жалындаған жанарына қарап, ішің жылиды.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің атқарып жатқан істеріне көпшіліктің көңілі толатыны байқалады. Олай демеске де болмайды. Себебі еліміздегі әр жоғары оқу орнының жаңа қырлары ашылуда. Тап бір жаңа тыныс алғандай. Әлемнің озық оқу орындарымен барыс-келісіміз артты. Байланысымыз нығайды. Алда солар жайлы сөз қозғасақ.

Жақында Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті АҚШ-тың Небраска университетімен өзара ықпалдастықты арттырды. Тіпті, оқу орындары өзара шәкірт (докторанттар мен магистранттар) алмастырып, тәжірибе арттыратын көрінеді.

Енді олар бізге су құрамын зерттеуге көмектесетін болды. Алыстан ат терлетіп арнайы профессоры да келіп үлгерген. Қазірде Дэниел Дэвидсон Сноу Тараз өңірлік университетінің ғалымдарымен бірлесіп, тұрмыстық қалдықтан жинақталған судың құрамын қарап жатыр. Алғашқы сынамаларын Небраска университетіне жіберіп те қойған. Ағзаға зиянды заттар анықталып, суды тазарту жүйесін орнату жұмыстары пысықталып жатыр.

Айта кететіні, бұл Жамбыл өңірінің айықпас ауруы, жазылмас жарасы. Суды тазартатын жүйенің жоқтығы көпке күнделікті уайым болған. Жергілікті ғалымдар осылай дейді.

Мұхит асып келген Дэниел Дэвидсон Сноу мәселенің барлығы климаттың өзгеруінен деп есептейді екен. Яғни, адамзат суды, ауаны тазартуды климаттың өзгеріс жағдайларына қарай тауып отыруы тиіс. Оның пайымдауынша, ғалымдар жастарды қоршаған ортаны сақтауға баулып отыруы керек. Сонда ғана іс өнеді дейді.

Атырауда мамандандырылған Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіАҚШ-тың Колорадо тау-кен мектебімен серіктестігін жаңа сатыға көтерді. 

Оқу орны базасында тау-кен мектебінің бөлімшесі ашылатыны айтылды. Келешекте мұнай-газ, табиғи байлықтарды іздеу, оны игеріп-өңдеу ісі бойынша мамандар даярлауға септігін тигізеді.  

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті де өз маманданған бағыттары бойынша Мажарстанның Дебрецен университетімен келісімге келді.

Мәселен, қос оқу орны мектепке дейінгі білім беру саласында тәжірибе алмасады. Қазақ студенттері Мажарстанға барып оқуына мүмкіндік алады.

Біздегі тағы бір жоғары оқу орны Мажарстанның Сегед университетімен байланыс орнатты.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті енді мажарларға қазақ тілі мен әдебетін, тарихын оқытады. Әйтеуір, түбіміз түркі ғой. Себебі олар тарихтан Атилланың тікелей ұрпағы саналады.

Құдайберген Жұбановтың өзі шыққан Ақтөбе өңірі де ғылым мен білім саласындағы жетістіктерден кем де емес. Жуырда Ақтөбе өңірлік университетініңдокторанттары Жапонияда зерттеулерін таныстырды.

Болашақ ғалымдарымызға әлемде ойып алар орны бар Керри Джон Кеннеди жетекшілік етіпті. 65 елден 750 делегат алдында қазақ докторанттары ғылыми жаңалықтарын паш еткен. Бастауыш мектептер мұғалімдерінің тәжірибесін талдау бойынша зерттеу ұсынған.

Соңғысы, ғылымның қара шаңырағы болған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне жеке тоқталған жөн болар. Оқу орны ғылымның қайнар көзі Германиямен ықпалдастықты арттыруды ойлап отыр. Бохум қаласында өткен жиында да ректорЖансейіт Түймебаев ниетімізді көпшілікке жеткізіп, оқу орнының зерттеулерін таныстырды.

Өзбекстан, Грузия  және Германия өкілдері қатысқан жиында ғылыми мүмкіндіктеріміз баяндалған. Робототехника саласындағы ілкі бастамалар жайлы сөз болған.

Қорыта айтқанда, ғылым мен білімі дамыған елдің экономикасы да артта қалмайтыны, керісінше алға адымдайтыны анық.

Пікірлер