Алматыға соңғы бес жылда 5,1 млрд. теңге инвестиция тартылған

938
Adyrna.kz Telegram
connect-wit.ru
connect-wit.ru

Оңтүстік астананың экономикалық әлеуеті жоғары. Бүгінгі күні мегаполис Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен тыңыз қарым-қатынас орнатып, саудадағы жұбын жазбас серіктестерге айналған.
Көршілес Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, сондай-ақ Қытай, Түркия, Германия, Өзбекстан, Корея мемлекеттері шаһардағы алыс-берістің көркін қыздырып тұр.
Ресми деректер, Ресей мен Алматы арасындағы сауда айналымы өзге мемлекеттерге қарағанда көш бастап тұрғанын айқындауда. Екі ел арасындағы сауда айнылымының 5 жылдағы көрсеткіші 27 миллиард АҚШ долларын құраған. Екінші орында , аспан асты елі, ҚХР мен сауда айнылымы 22 22 миллиард АҚШ доллары.Одан кейін Германия – 4,8 миллиард АҚШ доллары, Өзбекстан – 3,9 миллиард АҚШ доллары, Түркия – 2,5 миллиард АҚШ доллары, Корея – 2,2 миллиард АҚШ долларын сауда-саттық арқылы айналымға енгізсе,

Беларусь Республикасы -1,2 миллиард АҚШ доллар, 1,7 миллиард АҚШ долларымен Қырғызстан Республикасы сауда айналымына өз үлесін қосуда екен. Қазіргі таңда Алматыға тартылар инвестиция көлемі артқаны жасырын емес. 2018 жылдан бері 5,1 миллиард теңге инвестиция тартылған.
Алматының әлеуеті туралы сөз еткенде, шаһардағы индустриалдық аймақ жайлы айтпау мүмкін емес. Алматы қаласының Индустриалды аймағын дамытуға басты назар аударылып, қазіргі уақытта 10 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 381,4 миллиард теңгені құрайтын 87 жоба жүзеге асырылып жатыр.
Ағымдағы жылы 369 жұмыс орнын құра отырып, жалпы құны 15,1 миллиард теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылады.

Пікірлер