Қостанайдағы жарылыстан бір адам өлі табылғаны туралы ақпарат жоққа шығарылды

1152
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қостанай облысы ТЖД
Фото: Қостанай облысы ТЖД

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері үйінді астынан бір адам өлі табылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды,  деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Бұған дейін ер адам өлі табылды деген ақпарат қате берілді, құтқарылған ер адам медициналық мекемеге жатқызылды. Оқиға орнынан барлығы 11 адам ауруханаға жатқызылды. Қатты аяздың және конструкция қирандыларының көп болуы іздеу-құтқару жұмыстарын қиындатты. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Ақпарат түсуіне қарай толықтырылатын болады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қостанайдағы ғимарат құлаған жерде іздеу жұмыстарының нәтижесінде екі адам құтқарылып, бір адам өлі табылғаны туралы хабарланған болатын.

Пікірлер