#Жақсылық жаса: Жамбыл тұрғыны 7 баласы бар анаға пәтер сыйлады

3000
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында 4 ұл, 3 қыз өсіріп отырған көпбалалы ана Әсел Құрманова баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  Ол жалғызбасты ананың тұрмыс жағдайын ескеріп, Луговой ауылынан пәтер сатып алған. Кәсіпкер аудан әкімі Ерболат Садырқұловпен бірге арнайы барып, Әсел Құрмановаға пәтердің кілтін салтанатты түрде табыс етті. 7 баланы жалғыз тәрбиелеп отырған Әсел Құрманова осыған дейін Қарақыстақ ауылында пәтерден пәтерге көшіп келіпті. Жергілікті жұртшылық Әселдің отбасылық жағдайын түсініп, қолдарынан келгенше жақсылығын аямаған. Енді, қасиетті Рамазан айында баспаналы болып, қуанышқа кенелген келіншектің жомарт жанға, қарақыстақтық ағайынға айтар алғысы шексіз. Айта кетейік, бүінде Т.Рысқұлов ауданында баспана алу кезегінде 622 адам тіркелсе, оның 100-ге жуығы көпбалалы аналар. 552 отбасынан 880 бала мектепте ыстық тамақпен қамтылып, жаз маусымында 200 бала тегін демалыс лагеріне жіберіледі.

Дереккөз:  https://www.inform.kz/kz/zhaksylyk-zhasa-zhambyl-turgyny-7-balasy-bar-anaga-pater-syylady_a3531014

Пікірлер