ОРАЗ ӘЛІМБЕКОВ: "Кемел адам" не үшін, кім үшін жазылды?

1808
Adyrna.kz Telegram
Сурет: ivl.com.ua
Сурет: ivl.com.ua

Оңтүстікті қар басып, Шымқаладан шыға алмай қалдым. Жол тайғақ, күн жылынса жол ашылатын шығар деп жатырмын үйде. Айналама қарасам, Қайрат молданың кітабы тұр екен сөреде, алдым да парақтай бастадым...

"Аса мейірімді Алланың атымен" бастапты. Екінші сөйлемде оған "шексіз мадақ" айтқан. Одан кейін "ең кемел адам - әз Пайғамбар..." депті. Әбден кемелденген адам Мұхаммед деп түйіндесе, онда осы сөзден кейін кітапты аяқтай салуға болар еді... Жоқ, Қайрат молда Хабуснаменің, Әбунасыр трактатының, Абайдың қарасөздерінің өңін айналдырып, қазаққа біраз ақыл айтып тастапты. Тіпті, Мұхтар Шаханов жырынан да үзінді алыпты. Тоқ ішек, тамақты шайнау, ішілмеген сүт,   желінбеген нан жөнінде де аңыз-әпсана айтыпты. Мұндай әңгімені айтуға Қайрат молда неге құштар болды деп ойға шомып отырмын. Тағам институтында нені ішіп, нені жеуді әбден зерттеген академик Төрегелді ағамыздан асырып айтатын ешкім жоқ шығар...

Қайрат молда "Кемел адам" деген кітабында руханияттың тауын қопармаса да бір төбесін төңкеріп, қазақтың кенже қалған пәлсапалық ой-санасына серпіліс беретін дүние жазды ғой деп жүргем. Бәрі бекер екен. Былайғы мұсылман хадис деп, оған ақиқаттай сеніп алған арабтың аңыз-ертегісін қазақ фольклорымен араластырып, оған танымал ойшылдардың сөзін дәмдеуіш ретінде қосып, соны қазаққа сұйық ботқа түрінде ішкізіп жібермек-ау Қайрат молдамыз. Мұндай ішірткіні білім-ғылым іздеген жастар қабылдамайды ғой. Олай болса, "Кемел адам" не үшін, кім үшін жазылды деген сұрақ туады. Ғылымға жақын, технологияға жақын деп мақтап жүрген Қайратымыз да  мыңсан дүмше молданың түсінігінен алысқа ұзай алмапты.  "Кемел адамның" ішінде ақылға қонбайтын хадис-аңызды қаптатып жіберіпті. Кітаптың кіріспесінде пәленбай қатын алып (оның кейбірі ойын баласы жасынан аспаған), қанжоса жорықтар ұйымдастырған халифті "ең кемел адам" деп атағанда-ақ тіксініп қалып едім... бекер секемденбеген екем...

Ех, бірі кем, ағы - қара, қарасы ақшылтым болып құбылған қу дүние-ай...

 

Oraz Alimbekov

 

 

 

Пікірлер