Қазақтың ұлттық саз аспабы Домбыра жасаушылар конкурсының шарттары

925
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

ЕРЕЖЕСІ

Байқау-көрменің мақсаты:

- Қазақстан шеберлерінің басын қосу, жақын таныстыру, ақпарат алмасып, жаңалықтарымен танысу.

 - Қазақ өнерін насихаттау, қоғамға шеберлердің жетістіктері мен мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру;

 - Дәстүрлі өнер әлемінде кәсіби мамандар бастамаларын қолдау;

 - Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген шеберлердің шығармашылық өзара іс-қимылына ықпал ету;

 - Әлем және қазақ саз өнерінде ерекше із қалдырған бірі батыста, бірі шығыста, бір заманда туып, төкпе және шертпе күйлерден артына мол мұра қалдырған Құрманғазы және Қожеке бабаларымыздың аманатын ел арасында және шеберлер арасында насихаттау, еске түсіру, жаңғырту

- Отандық, қазіргі заманғы қол өнері саласындағы жаңашылдықты танымал ету;

- Қазақстандық аспап жасаушы шеберлердің шеберлік деңгейі, көркемдік техикасына, дизаинерлік үздік қолтаңбасына, ұстаздық біліктілігіне мән бере отырып, бірінші рет қазақ шеберлерінің толық кәіби рейтингін жасалады. Ол ашық платформада жарияланады.

Тәртібі:

Конкурсқа қатысуға ниетті шеберлер конкурс  ұйымдастырушыға қатысуға ниетті екенін ұйымдастырушының төменде көрсетілген номеріне хабарласады.

Конкурс қатысушыларына арнайы онлаин чат ашылады. Қатысушы шеберлер сол чатқа жинақталады.

Жұмыстарға алдымен белгілі форма бойынша үлгі беріледі. Арнайы чатта барлық ақпараттар беріліп отырады.

Конкурс 25 қыркүйек пен 25 желтоқсан 2023 жыл аралығында ұйымдастырылады.

Байқау-көрменің  талаптары:

Талаптар толықтырылып, арнайы чатта  тағы берілетін болады.

Төмендегі талаптардың әр деталіне жеке тоқталып анкета ұсынамыз

- Байқауға арналған туындылар тақырыпқа және эстетикалық талапқа сай болуы тиіс;    

- Техникасы, жылы, аймағы толықтай жазылуы қажет; 

- Туындының (домбыра)сипаттамасы болуы тиіс;  

- Байқауға қатынасу үшін арнайы сауалнаманы толтыруы тиіс; 

- Байқауға қатысушы жеке куәлігінің көшірмесін тапсыруы тиіс.

Жасалу техникасы:

Жасалу техникасы бойынша арнайы анкета беріледі.

Ескерту:

 - Байқауда жүлделі орынға ие болған туындылар кері қайтарылмайды.

 - Үміткерлердің іс-сапар шығыны өз есебінен. Егер конкурсқа демеушілер шықса, демеушілер есеібенен қарастырамыз.

 - Байқау-көрмеге қатынасушылар қандай да бір кәсіби ұйым мүшесі болуы міндетті емес.

 - Жүлде алмаған жұмыстар иесіне қайтарылады.

-Егер бір орынға екі үміткердің домбырасы да лайық еп қаралса, онда жүлде екі шеберге теңдей бөлінеді

Байқау қорытындысы:

Қатысушыларға арнайы белгі сертификат беріледі.

Жеңімпаз қатысушылардың барлығы дипломмен және  ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Байқау-көрме нәтижесінде:

Бас жүлде иегері –600 000 теңге арнайы кубок

І орын – 400 000 теңге  арнайы медаль

ІІ орын – 300 000 теңге арнайы медаль

ІІІ орын – 200 000 теңге арнайы медаль

3 шеберге ынталандыру сыйы беріледі.


Біздің мекен-жайымыз: Алматы облысы, Тұздыбастау ауылы, Қырмызы 18
ұялы телефон: +7 747 77 47 747  Алмас  almasterstar@gmail.com

Жоғарыда көрсетілген ақпаратқа өзгертулер мен толықтырулар болады. Егер демеушілер қосылған жағдайда, сыйақы қоры да өсуі мүмкін. Жеңімпаздардан алынған домбыралар шеберлер кеңесінің қорына жинақталады .

Ұйымдастырушы: Қазақ шеберлерінің кеңесі
Модератор: Алмас Серікұлы
Ақпараттық серіктес: Адырна Ұлттық порталы

Пікірлер