«Алтын Орда» базарының иесі Данияр Әлпиев ұсталды

1778
Adyrna.kz Telegram

«Алтын Орда» базарының иесі Данияр Әлпиев ұсталды. Бұл туралы оның адвокаты Әлібек Алмабаев мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі orda.kz-ке сілтеме жасап.

Айтуынша, кәсіпкер 2 айға қамауға алынған.

«Қарасай аудандық соты Әлпиевті қамауға алу туралы қаулы шығарды. Сот өте жылдам өтті. Олар қамауға алу туралы санкция берді. Бізде үкімге шағымдануға үш күн бар», – деді ол.

Әлпиев 20 желтоқсанда ұсталып, Қарасай ауданындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілініп отыр.

 Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі «Аса ірі көлемдегі алаяқтық» бойынша айып тағылды. Қамауға алынған кезде ол қорғауға құқығы бар куәгер мәртебесіне ие болды. Келтірілген шығын көлемі нақтыланбады. Естеріңізге сала кетейін, «Алтын Орда» базары аумағында №3 сауда павильонының құрылысы басталып, олар жарнама беріп, үлескерлер орындарды брондауға ниет білдірген болатын. Данияр ақшаны бөліп-бөліп беруге рұқсат берді», - деді Алмабаев.

Әлпиевтің өкілінің айтуынша, брондау келісімінде құрылысты аяқтау мерзімі 2024 жылдың екінші тоқсанына белгіленген, біржақты ұзарту мүмкіндігі айына үш реттен көп емес. Бұл жағдайда акционерлерді хабардар етудің қажеті жоқ.

Пікірлер