Путиннің жаңа жылдық құттықтауы қайта жазылмады - Кремль

1136
Adyrna.kz Telegram

Ресей президенті Владимир Путиннің жаңа жылдық құттықтауы қайта жазылмады. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Жоқ, бұл дұрыс емес», - деді ол құттықтаулар жаңадан жазылғаны туралы РИА Новости басылымына түсініктеме беріп.

Песков осы аптаның басында Путиннің жаңа жылдық құттықтауының егжей-тегжейлерін айтудан бас тартып, ресейліктерді Жаңа жыл қарсаңындағы үндеуінің мазмұнын ұғынуға ​​шақырды.

Өткен жылы Путиннің ел халқына тоғыз минуттық жаңа жылдық үндеуі әдеттегідей Кремль фонында емес, Оңтүстік әскери округінің штаб-пәтерінде әскери қызметкерлердің қоршауында жазылған. Сол кезде Президент бұл жыл еліміздің толық егемендігін алу жолындағы маңызды қадамдар, «шынайы бетбұрыс және тағдырлы оқиғалар» кезеңі екенін айтты.

Желтоқсанның 14-і күнгі тікелей эфирде Путин ресейліктерге жаңа жылдық мерекелерді отбасымен бірге өткізуге кеңес берді. Мереке күндері көптеген іс-шараларды табуға болатынын, ең бастысы, отбасымен және достарымен уақыт өткізуге болатынын атап өтті. Кейін Путиннің өзі Жаңа жылды жақындарымен бірге шампан ішіп қарсы алатынын айтты.

Пікірлер