236 миллионның жыры. Атыраулық шенеуніктің жаңылтпаш жауабы

4516
Adyrna.kz Telegram
gov.kz
gov.kz

"Адырна" ұлттық порталында «Атырау ойын алаңдарын күтіп ұстауға 236 миллион теңгеден аса қаржы бөлді» деген тақырыппен материал жарияланған еді. Сол мақалада көтерілген мәселеге қатысты Атырау қаласы әкімінің орынбасары Е. Умаров жаңылтпаштатып жауап берді, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Аталған материалда тендер құжаттарына сүйеніп, онда Атырау қаласында қанша ойын алаңы бар екені көрсетілмегені, 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін балалар ойын алаңдарын күтіп ұстау үшін нақты не істелу керектігі көрсетілмегені сыналған еді.

Сондай-ақ құзіретті органдарға портал тілшісі:

«1. Атырау қаласындағы ойын алаңдарды күтіп ұстау үшін бюджеттен  236 миллионнан аса қаржы жұмсалмақ екен. Атқарылатын жұмыстың көлемі, саны, жоспары, тараптардың міндеті, барлығы неліктен тайға таңба басқандай техникалық сипаттамада көрсетілмеген?

2. «Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы тендер жеңімпазынан есепті қалай алады?» деген екі сауал жолдаған болатын.

Бұл сұрақтарға Атырау қаласы әкімінің орынбасары Е. Умаров:

«1. Жоғарыда айтылғандар негізінде, ойын алаңдарына талап етілетін сипаттамалардың параметрлерің және өзге де бастапқы деректердің сипаттамаларын қосымшаға сәйкес жолдайды.

2. Аталған жұмыстарды талап етілетін техникалық ерекшеліктерге сәйкес «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мамандары қабылдап алатындығын хабарлайды», - деген қысқа ғана жаңылтпаш жауап қайтарыпты.

Ұзақ уақыт күттірген жауапта Е.Умаров мырзаның не айтпақ болғанын түсіне алмадық. Әкім орынбасарының 236 миллионнан аса қаржы бөлінген жобаның техникалық сипаттамасын дұрыстау туралы ештеңе жазбағанына қарағанда шенеуніктің бұл мәселеге қатысты айтар ештеңесі жоқ болса керек.

236 миллионнан аса ақша аз қаржы емес. Оның сұрауы әлі де болатынын қалалық әкімдіктің қаперіне салғымыз келеді.

Қанат Бірлікұлы

Адырна ұлттық порталы

 

Пікірлер