Алматы облысының туризмін дамытуға 58 миллиард теңге бөлінеді

1104
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысының туризмін дамытуға 58 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Алматы облысының әкімдігі мен инвесторлар тобы арасында "Oi-Qaragai" курортын дамыту бойынша қажетті жағдайлар жасауға және жобаны қолдауға қатысты меморандумға қол қою рәсімі өтті.

"Қол жеткізілген келісімдер шеңберінде 2028 жылға дейін тау курортын кеңейту, атап айтқанда аспалы жолдар салу, тау шаңғысы трассаларының ұзындығын ұлғайту, беткейлерді жабдықтау, парапланерлерге арналған алаңдар, глампингтер, мейрамханалар, көлдер және қонақтарға арналған этно-қалашық жоспарлануда. Жобаны жүзеге асыру барысында үш негізгі бағыт бойынша мемлекеттік қолдау шаралары айқындалды", - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев.

Оның айтуынша, аймақ басшылығы инженерлік және көлік инфрақұрылымын жүргізу мәселелеріне көмек көрсетуге, сондай-ақ әкімшілік қолдау көрсетуге дайын.

"Тағы бір маңызды қадам – газ құбырының өткізу қабілетін сағатына 1000 текше метрге дейін арттыра отырып, оны қайта құру. Бұдан басқа, Байбұлақ кентінен Oi-Qaragai-ға дейін Жүк-жолаушылар тасымалы үшін автожол салу жобасы іске асырылатын болады. Соңғы әрі маңызды қадам – Талғар трактісі - Oi-Qaragai жолын қайта жаңарту, жарық орнату", - деді Рустам Исатаев.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер