Өткен жылы Қазақстанда 88 мешіт ашылды

1495
Adyrna.kz Telegram
Сурет: islam.kz
Сурет: islam.kz

2023 жылы Қазақстанда 88 мешіт жаңадан ашылды. Бұл туралы ҚМДБ Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Марат Жаппасбаев баяндады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазіргі таңда еліміз бойынша жалпы 2854 мешіт, 357 намазхана жұмыс істеп тұр. Оның 21-і орталық, өкілдік мешіттері, 406-сы қалалық мешіт, 165-і аудандық мешіт, 2262-сі ауылдық мешіт. 2023 жылы 88 мешіт жаңадан ашылып, 294 мешіттің құрылысы жүргізілуде. Ал 353 мешіт күрделі жөндеуден өтті»,—деді ол.

Пікірлер