"Бір Қытай қағидатын қолдаймыз". СІМ Тайваньдағы президент сайлауына қатысты пікір білдірді

1153
Adyrna.kz Telegram
фото: Turkystan.kz
фото: Turkystan.kz

Сыртқы істер министрлігі Тайваньдағы президент сайлауына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Тайваньдағы сайлау қорытындыларына қатысты өз түсініктемесін берді.

"Тайваньда өткен сайлауға байланысты Қазақстан Республикасы «бір Қытай» қағидатын табанды түрде қолдайтынын қайта мәлімдейді және Қытай Халық Республикасының үкіметі бүкіл Қытайды білдіретін жалғыз заңды үкімет, ал Тайвань Қытай аумағының ажырамас бөлігі екенін растайды. Қытай Халық Республикасы үкіметінің елді бейбіт жолмен біріктіру жолындағы күш-жігерін қолдаймыз", - делінген ресми хабарламада.

Пікірлер