Президент Тоқаев Данияның жаңа басшысына құттықтау жеделхатын жіберді

1010
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Данияның жаңа басшысы X Фредерикті таққа отыруымен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақордаға сілтеп.

Тақ мұрагері Фредерик ханзаданы Президент Тоқаев жаңа мәртебесімен құттықтады. Сондай-ақ ханзаданы Дания Королі ретінде жариялаған II Маргретеге де жеделхат жолдады.

Сіздің басшылығыңызбен Дания өзінің орнықты дамуын, халқының әл-ауқатын еселеп, халықаралық аренадағы беделін арттыру жолындағы игі істерді жалғастыра беретініне кәміл сенемін. Қазақстан мен Дания арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген жан-жақты ынтымақтастық бірлескен күш-жігеріміздің арқасында алдағы уақытта да нығая түсетініне үмітім зор, – деп жазылған жеделхатта.

Пікірлер