“Үздік ойыншы” өзін марапаттау рәсіміне келмеді

1413
Adyrna.kz Telegram

“Интер Майами” клубының аргентиналық шабуылшысы ФИФА нұсқасы бойынша 2023 жылдың үздік ойыншысы сыйлығын алды, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.

Месси бұл сыйлықты өз мансабында төртінші рет алды, бұған дейін бұл сыйлықты 2022, 2019 және 2009 жылдары алған болатын.

Месси өткен жылы ПСЖ сапында Франция чемпионы атанды, ал “Интер Майамимен” Лигалар кубогын жеңіп алды. Қазан айында 36 жастағы аргентиналық «Алтын доп» сыйлығының 8 дүркін иегері атанды.

Айта кетерлігі, Лонданда өткен марапаттау рәсіміне Лионель Месси келмеген.

Сондай-ақ, кейбір БАҚ Месси мен Холандтың бірдей – 48 дауыс жинағанын жазады. Регламент бойынша, барлығы ұлттық құрама капитандарының дауыс санына байланысты шешіледі, ал бұл ретте Мессиде дауыс саны көбірек.

Естеріңізге сала кетейік, үздік ойыншы марапатына үміткер ретінде "Интер Майами" мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси, Манчестер Ситидің шабуылшысы Эрлинг Холанд және "ПСЖ" Француз ойыншысы Килиан Мбаппе алынған болатын.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер