Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты тас жолдар жабылды

1097
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның үш облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты тас жолдар жабылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеп.

«Үш облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың үш учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді», - делінген хабарламада.

Жамбыл облысы: «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км., Кенен ауылы - Қайнар ауылы маңы(жолдан өту ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) – 79 км.

Шектеу көліктердің барлық түрлеріне қатысты (жел, жаңбыр және қар, тұман, көру мүмкіндігі шектеуліне байланысты)

Батыс Қазақстан облысы: «Самара-Шымкент» км. 266-393 км., Подстепное ауылы - Жымпиты ауылы 127 км қашықтықта.

Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қатысты.

Солтүстік Қазақстан облысы: «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское»  62-228 км.,  Возвышенка ауылы - Рощинское ауылы маңы – 166 км.

Шектеу көліктердің барлық түрлеріне қатысты (боран, жол көрінуінің нашарлауы)

Республикалық маңызы бар жолдарда туындыған қолайсыздықтар үшін 779 бірлік техника мен 1432 адам жұмылдырылғаны көрсетілген.

Пікірлер