Ақ үйдегі барлық асқа қатысатын Нұрлан имам 10 жылдық виза аштырғанын айтты

2701
Adyrna.kz Telegram
Сурет: kazislam.kz
Сурет: kazislam.kz

Белгілі имам Нұрлан Байжігітұлы АҚШ президенті Джо Байденмен жүздеспек. Кездесу қаңтар айының соңына жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі orda.kz-ке сілтеме жасап.

«Жыл сайын АҚШ президенті әлем көшбасшыларының, танымал тұлғалардың және әртүрлі елдердің ықпалды тұлғаларының қатысуымен қайырымдылық кешін өткізеді. Шақыруды пошта арқылы алғанда мен қатты қуандым. Өйткені бұл кездесу — әлемдік қауымдастықта тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастық стратегияларын талқылау алаңы. Бұл сапарға мемлекетіміздің мүддесін, ішкі және сыртқы саясатымызды жеткізу, сондай-ақ руханиятты кеңінен таныту және қазақ тарихының қаншалықты ауқымды екенін көрсету үшін барамын»,—деді ол.

Бұдан бөлек имам Ақ үйде жоспарланған үш астың бәріне де қатысатынын айтты.

«Бұған дейін Оңтүстік Корея мен Ресейде ұйымдастырылған шараларға қатыстым. Енді мені АҚШ-қа шақырды. Маған қазірдің өзінде 10 жылдық виза мақұлданды», - деп түйіндеді Нұрлан имам.

Сондай-ақ ол АҚШ-та тұрып жатқан және жұмыс істейтін қазақстандықтармен кездесу ұйымдастырмақ ниетте.

Әлеуметтік желі арқылы танымал болған және әріптестері жиі сынайтын Нұрлан имамның Ақ үйдегі астың барлығына қатысуы және 10 жылдық виза аштыртуы ерекше назар аудартады.

Пікірлер