Конькиші қазақ қызы Қытай чемпионына тұрмысқа шығуы мүмкін

2240
Adyrna.kz Telegram

Қытайда тұратын этникалық қазақ спортшысы Ақнәр Ардақ белгілі қытай спортшысына тұрмысқа шықпақ, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақ қызының таңдауы Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Гао Тингюге түскен. Екі жас та ауқымды жарыстарға қатар қатысып, бірге жүлдегер атанған.

Ақнәр Ардақ 1999 жылы Шыңжаңда дүниеге келген. Бастапқыда шорт-трек бойынша жарыстарға қатыса бастаған қандасымыз 2018 жылдан бері конькимен жүгіру бағытына ауысып, тұрақты шұғылдана бастады. 

Қазақ қызы мұз үстінде сырғанауға жастайынан ден қойған. Қытай мектебінде сабақ беретін анасы оны 5 жасында конькиге жетектеп апарғанын айтады. Ал кәмелет жасына толар шағында Қытайдың Шыңжаң құрамасының қатарына еніп, ауқымды жарыстарға бақ сынай бастаған.

Пікірлер