Автонесие бір жылда 81 пайызға өскен

947
Adyrna.kz Telegram
фото: turkystan.kz
фото: turkystan.kz

Қазақстанда 2023 жылы автонесие 81,5 пайызға өскен, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Бірінші несие бюросына сілтеме тастап.

«2022 жылмен салыстырғанда берілген несиелердің жалпы сомасы екі есеге жуық өсті. 2023 жылы көлік сатып алуға берілген автонесие көлемі 1,6 трлн теңгеге дейін өсті. 2022 жылы бұл көрсеткіш 708,5 млрд теңге болған», - делінген бейсенбі күні Data Hab Telegram арнасында.

Ақпаратқа сәйкес, 2023 жылы 208,4 мың автокөлік несиесі берілген. Желтоқсанда 2023 жылдың басымен салыстырғанда эмиссияның орташа сомасы 9,7 пайызға өсіп, 7,9 млн теңгеге жеткен. Эмиссияның ең жоғары шегі желтоқсанда – 178 млрд теңгеге 23,5 мың несие болды.

Негізі, банктерге қарағанда микро қаржы ұйымдарының авто несиесі «қымбат». Мәселен желтоқсандағы қорытынды бойынша микро қаржы ұйымдарының жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 40,8 пайыз, ал банктердікі – 22,2 пайызды құрайды. Дегенмен 2023 жылы жалпы авто несиелердің 30,6 пайызы (481,8 млрд теңге) микро қаржы ұйымдарынан алынған.

Жалпы автонесие портфелі 2,5 трлн. теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 64,8 пайызға немесе 1 трлнға артық есепті көрсетеді.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер