Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адамға іздеу жарияланды

4326
Adyrna.kz Telegram

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адамға іздеу жарияланды. Барлық сауда үйлерінде, плакаттар мен бағаналарда, ауладағы дүкендер мен дәріханаларда полицейлер күдікті Нұрболат Дәкебаевты іздестіру туралы хабарламалар ілді.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында Ішкі істер министрлігі 1987 жылы туған Нұрболат Дәкебаевты іздеуге жариялады. Іздестіру жұмыстарын Қарағанды ​​қаласының Жаңа-Майқұдық полиция бөлімі жүргізіп жатыр.

Қарағанды қаласының Жаңа-Майқұдық полиция бөлімінің қызметкерлері Нұрболат Дәкебаевтың жүрген жері туралы мәлімет білетіндерден 102 немесе 8 (7212) 40 79 19 телефондарына хабарласуларын сұрайды.

Естеріңізге сала кетейік, жедел жәрдем жүргізушісі 27 қаңтарға қараған түні соққыға жығылды. Полицейлер күдіктіні анықтап, оны ұстау шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қарағандыда соққыға жығылған жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі миы шайқалып, сынықтарымен ауруханаға түскен болатын.

Пікірлер