«Алла бәрін кешіреді». Соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі мәлімдеме жасады

2577
Adyrna.kz Telegram

Қарағандыда соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі Төреғали Берікқалиұлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мен туралы қате ойлап жатқандар жандар, біріншіден, мен 1,5 жылдан бері Tik-Tok парақшамды жүргіземін. Жедел жәрдем жүргізушілігінен бөлек, актер адаммын. Өз еңбегіммен осы дәрежеге жеттім. Сондай жағдай болып қалды. Ол кісіні соттатып, ешқандай пайда көрейін деп жатқан жоқпын.  Бір сөбен айтқанда, бәріміз де пендеміз. Алла бәрін кешіреді. Алланың алдында пендеміз. Біз де кешіреміз. Соттатамын, оны түрмеге отырғызамын деген сөз айтқан жоқпын. Қазақ еліміз аман болсын»,—деді ол.

Еске салайық, бұған дейін ер адамды соққыға жыққан күдікті Нұрболат Дәкебаевтің көпшіліктен кешірім сұрағанын жазған едік.

Пікірлер