Аралас жекпе-жек шебері қазақстандықтардан кешірім сұрады

1546
Adyrna.kz Telegram
Сурет: ашық дереккөзден
Сурет: ашық дереккөзден

Аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм UFC-дегі алғашқы жеңілісінен кейін қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақ елі, бүгінгі кеште үміттеріңізді ақтамағаным үшін кешірім сұраймын. Мен бұл жеңілістен үлкен сабақ аламын және келесі жолы жеңіске жету үшін бар күшімді саламын!»—деді ол.

Еске салайық, Азат Мақсұм Лас-Вегаста аралас жекпе-жектен өткен UFC Fight Night 235 турнирінде америкалық Чарльз Джонсоннан жеңіліп қалған еді.  Бұл қазақстандық спортшының карьерасында жеңілген алғашқы жекпе-жегі болды.

Пікірлер