"Тек қымыз іштім". Шымкентте мас жүргізушісі бағдаршамды құлатты

1123
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Шымкентте көлік жүргізушісі бағдаршамды құлатып, басқа көлікке соғысты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Polisia.kz-ке сілтеп.

Alphard көлігін тізгіндеген ер адам көлік жүргізу куәлігінен айырылған болып шықты.

Полиция мәліметінше, ол бағдаршамды соғып, кейін артымен жүріп, жол үстінде келе жатқан Toyota Camry көлігін соққан. Өзін біртүрлі ұстаған жүргізушіні тәртіп сақшылары алкоголь тұтынуын тексеру үшін медициналық куәландырудан өтуін сұраған. Алайда жауаптан қашқан жүргізуші "тек қымыз іштім" деп ақталған.

Қазір құқық бұзушыға қатысты Қылмыстық кодекстің бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

Пікірлер