Күнсұлу Закария әлемнің көрнекті ғалымдары қатарына енді

1004
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Қазақтың көрнекті биологы Күнсұлу Закарья вакцинацияның дамуына ең көп үлес қосқан әйелдердің әлемдік рейтингіне енді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы Techcollectivesea басылымы жазды.

Күнсұлу Закария – QazVac коронавирусқа қарсы вакцина жасаушылардың бірі. Бұған дейін ол Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының бас директоры қызметін атқарған. Сонымен қатар, Закария биоқауіпсіздік, биотехнология және микробиология саласындағы танымал сарапшы ретінде танымал.

Айта кетейік, Күнсұлу Закария Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 22 қаңтардағы өкімімен президенттің кеңесшісі болып тағайындалған болатын.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер