Алматы облысында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ жасырылған орын табылды

994
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҰҚК
Фото: ҰҚК

6-9 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шаралары шеңберінде Алматы облысында қаруы бар 3 жасырын орынды анықтады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсізлік комитеті  жариялады,деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"4 Калашников автоматы мен оған 3 оқжатар, Макаров тапаншасы, карабин, аңшы мылтығы, сондай-ақ әртүрлі калибрдегі 65 патрон алынды", – делінген хабарламада. 

Алдын ала деректер бойынша, табылған қару Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған.

Пікірлер