"Өтемақы төлеу қажет". Алаяқтар Ұлттық қордың атынан хабарлама таратты

1075
Adyrna.kz Telegram
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желілерде өтемақы туралы жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Қазақпаратқа сілтеп.

Әлеуметтік желіде жарияланған ақпараттағы сілтеме Ұлттық қордың жалған сайтына апарады.

Парақшада 2020-2029 жылдарға арналған азаматтарға өтемақы төлеу жобасы туралы жаңалық жарияланған. Ол сайтта пайдаланушы өзінің ЖСН-ін теруге тиіс. Ал алаяқтар оны өз пайдасына пайдалануы мүмкін.

Құзырлы орган ҚР Ұлттық қорының ресми сайты жоқ екенін айтады.

Пікірлер