Мектептерде намазхана ашылмайды - министр

987
Adyrna.kz Telegram
фото: orda.kz
фото: orda.kz

Білім министрі Ғани Бейсембаев Қазақстан мектептерінде намазхана (намаз оқитын орын) ашылуы мүмкін еместігін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мектептердің бірінде жоғары сынып оқушылары сабақ үстінде намаз оқып жатқан видео тарағаннан кейін журналистер брифингте Қазақстан мектептерінде намазханалардың ашылуына қатысты сұрақ қойды.

"Ең алдымен мектеп – білім мен тәрбие беретін орын. Мектепте біздің мұғалімдер балаларымызға білім беруі керек. Біз бұл туралы үнемі айтамыз. Біз бұл ұстанымнан ауытқымаймыз. Мектеп – сапалы білім мен тәрбие алатын орын. Демек, бұл (намазхана болуы) мүлдем мүмкін емес», - деді Білім министрлігінің басшысы Ғани Бейсембаев.

 

Пікірлер