Ақтөбеде мектептің бас есепшісі бір жылда 200 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған

1526
Adyrna.kz Telegram
Сурет: ашық дереккөз
Сурет: ашық дереккөз

Ақтөбе қаласының № 2 соты шаһардағы №55 мектеп-гимназиясының бас бухгалтеріне қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Алдын алу шаралары шеңберінде сот процесі ашық режимде жүргізілді.

Сот процесіне онлайн режимде білім басқармасы мен бөлімдерінің қызметкерлері, оның ішінде Ақтөбе облысының 403 қалалық және аудандық мектептің директорлары, бухгалтерлері, педагогикалық құрамы қосылды.

Ақтөбе қалалық мектебінің бас бухгалтері аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. Ол 8 жыл бойы өзінің банктік шотына жалақы ретінде заңсыз аударымдар жасаған, нәтижесінде мемлекетке 413,8 млн теңге сомасында залал келтірілді.

Тек бір жылдың ішінде ол өзіне 200 млн теңгеден астам қаражат аударған, бұл бүкіл мектептің жылдық еңбекақы қорының 30% -ын құрайды.

Сот үкімімен оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сондай-ақ 10 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер