Газа секторындағы балалар апатты жағдайға душар болды

822
Adyrna.kz Telegram
Фото: Life.ru
Фото: Life.ru

ЮНИСЕФтың хабарлауынша, Газадағы қарулы қақтығыстар мен азық-түлік жетіспеуінің салдарынан балалар аш-жалаңаш жүр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Елдегі оқиғалардың кесірінен көптеген балалардың денсаулығы нашарлаған.

Сондай-ақ Газадағы әр төртінші отбасы, яғни жарты миллионға жуық адам тойып тамақ ішпейтіні де айтылды.

Бұл жағдай осылай жалғаса берсе, алдағы уақытта бес жасқа дейінгі 10 мың баланың өміріне үлкен қауіп төніп, медициналық көмекке зәру болмақ. Оған қоса қазір өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің жағдайы да мәз емес. Ауруханалардың үштен екі бөлігі жұмыс істемейтіні де анықталды.

Ал БҰҰ өкілдері Жоғарыда аталған мәселелерге байланысты тез арада қақтығысты тоқтату керек екенін айтады.

Бұған дейін, БҰҰ-ның мәлімдеуінше, Газа секторындағы “жаңа туған нәрестелердің” көпшілігі жетім қалғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер