Ақордаға үндеуден соң қызметтен босаған. Атырау мұнай зауытының басшылары тергеуге алынды

1870
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚМГ баспасөз қызметі
Фото: ҚМГ баспасөз қызметі

“Атырау мұнай өңдеу зауыты” ЖШС басшысы Ғалымжан Жусанбаев пен бас инженер Әділет Шошанбасовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Атырау мұнай өңдеу зауыты” ЖШС басшылығына қатысты мемлекетке аса ірі көлемде залал келтіруге немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, - делінген хабарламада.

Тергеуді Атырау облысы бойынша ҚМА департаменті мен прокуратура жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Жусанбаев бас директор қызметін атқарған қысқа уақыт ішінде оның кәсіби міндеттерін орындауға кедергі келтіретін және зауыттың тиімділігіне әсер ететін жүйелі кедергілерге тап болғанын айтып Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдаған.

Осы жанжалдан кейін Атырау мұнай өңдеу зауытының (МӨЗ) бас директоры Ғалымжан Жусанбаев пен зауыттың бас инженері Әділет Шошанбасов қызметінен босатылғанын хабарлаған болатынбыз.

“Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер