Уақыт белдеуінің өзгеруі Қазақстандағы электр энергиясы төлемінің өсуіне әсер етпейтіні айтылды

684
Adyrna.kz Telegram

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу электр энергиясын тұтыну деңгейіне айтарлықтай әсер етпейді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы табиғи монополияларды реттеу комитетінің (ТМРК) Қарағанды ​​облысы бойынша департаментіне сілтеп. 

«Электр энергиясы үшін төлемдердің айтарлықтай өсуі күтілмейді. Электр энергиясын тұтыну төлемі есептегіш құралдарының көрсеткіштері бойынша жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, уақыт белдеуінің өзгеруі жабдықтаушы ұйымдардың шығындарына да әсер етпейтіні айтылды:

«Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың шығындарына әсер етпейді, тиісінше, бұл электр энергиясының бағасын өзгертуге негіз болып табылмайды», - деп хабарлады ТМРК.

Пікірлер