Премьердің алғашқы шетел сапары Мәскеуде басталып, Ташкентте жалғаспақ

1117
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Үкімет басшысы Олжас Бектенов наурыз айында іс-сапармен шетелдерге аттанады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеп.

Жақында ғана тағайындалған су жаңа Премьер Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен бармақ.

Бектенов Мәскеуде Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізіп, бірқатар мәселелерді талқылауы жоспарланған.

Ал Ташкентте ҚР Үкімет басшысы Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізіп,сауда-инвестициялық ынтымақтастықты арттыру, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік-логистика салаларында кооперацияны дамыту перспективаларын талқыламақ.

Пікірлер