Кімнің көршісі, кімнің жездесі? Жалған мәлімет таратқандар жазаланады

1273
Adyrna.kz Telegram

Жер сілкінісі кезінде жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті ескертті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Қала тұрғындары арасында жалған ақпараттың таралуына байланысты Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті қалада төтенше жағдайлар күштері мен құралдарын топтастыруды күшейтіп жатпағанын хабарлайды. Азаматтық қорғау жүйесі штаттық режимде жұмыс істеуде», – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ ведомство өкілдері жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жауапкершілікке дейінгі жаза қарастырылғанын атап өтті.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде дүмпулердің қайта болатыны және жан-жақтан төтенше жағдайлар қызметкерлері жиналып жатқаны жайында “танысым, жездем, көршім айтты” деген жалған ақпараттар тарауда.

Пікірлер