Мәңгілік "Замандас". Диктор Тыныс Өтебаевтың туғанына - 80 жыл

1044
Adyrna.kz Telegram

Бүгін қазақ теледидарының ардагері, белгілі диктор, КСРО телердиосының үздігі Тыныс Өтебаевтың туғанына 80 жыл толды.

Тыныс Шындәулетұлы 1944 жылы 14 наурызда бүгінде Өзбекстанға қарап кеткен Жоғары Шыршық ауданы, Киік ата ауылында дүниеге келген.

Қазығұрт ауданы орталығындағы 7 жылдық мектепті, Ташкент электрмеханика техникумын (1961), Ташкенттегі орыс тілі және әдебиеті институтын (1971) бітірген.

Еңбек жолын Ташкент трактор жасау завотында техник-электрик болып бастаған. 1963-66 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді.

1967 жылы Өзбек радиосында диктор болып тұңғыш қазақ бағдарламасы «Замандасты» ашуға атсалысты. Кейін өзбек теледидарына ауысты. 1971 жылдан «Қазақстан» телерадио-комитетінде диктор, бас редактор, директор, комитет төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

Сондай-ақ, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1989), КСРО телерадиосының үздігі.

73 жыл жасаған Тыныс Өтебаев 2017 жылы қайтыс болды.

Пікірлер