«ҚазАвтоЖол» Қызылорда облысындағы 40 жыл жөндеу көрмеген республикалық автожолдарға жаңғырту жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Курсивке сілтеп.
"Тас жолдың Қызылорда облысына тиесілі телімін қайта жаңарту жұмыстары алты учаскеге бөлінген. Қазір бес учаскеде жұмыс жүріп жатыр. Бүгінде жолшылар 24-127 шақырым учаскесінде құнарлы жер қабатын алу, айналма жолдарды салу, жабынды терең қопсыту және қолданыстағы жол жабынын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал 127-216 шақырым учаскесінде айналма жолмен көлік қозғалысын қамтамасыз ету шаралары қолға алынды. Бұл автожолдағы жұмыстар кезең-кезеңімен 2022 жылы басталған", – делінген хабарламада.
Қызылорда облысына қарасты автожол учаскесіндегі қайта жаңарту жұмыстары толық 2025 жылдың соңында аяқталады деп жоспарлануда.