Фейк. Ресейдегі сайлау күнгі “король өлімі” расталмады

750
Adyrna.kz Telegram
Фото: antikor.com.ua
Фото: antikor.com.ua

Букингем сарайы ІІІ Чарльз қайтыс болды деген ақпаратты жоққа шығарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Ұлыбритания королі III Чарльздің қайтыс болғаны туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде пайда болған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Монарх тірі және жұмыс міндеттерін орындауды жалғастыруда», деді Букингем сарайы. Мәскеудегі Ұлыбритания елшілігі де теріске шығарды.

Король III Чарльз 17 наурызда қайтыс болды деген ақпарат бірқатар ресейлік БАҚ пен Telegram арналарында пайда болды. Жарияланымдар жалған болып шыққан Букингем сарайының ресми мәлімдемесінің скриншотымен бірге жүрді. Дегенмен, британдық БАҚ мұндай хабарларды жарияламағанын айтты. 

Айта кетейік, биыл ақпан айында 75 жастағы ІІІ Чарльз қатерлі ісікке шалдыққаны хабарланды. Дәрігерлер ІІІ Чарльз-ға көпшілік шараларды кейінге қалдыруға кеңес берді. Патша «тұрақты емделе» бастады.

Монарх қайтыс болған жағдайда «Менай көпірі» деп аталатын жоспар әзірленеді. Елдегі билік тақ мұрагері ханзада Уильямға беріледі.

Сондай-ақ, монархтың 17 наурызда өлгені туралы ақпаратты ресейлік БАҚ-тар жариялаған деген мәлімет тарауда. Айта кетсек, кеше Ресейде президенттік сайлау өткен болатын.

Пікірлер