Словакияда қазақ әдебиеті кітапханасы мен тіл курстары ашылды

822
Adyrna.kz Telegram
СІМ баспасөз қызметі
СІМ баспасөз қызметі

Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстанның Словакиядағы елшілігінде тегін қазақ тілі курстары мен қазақ әдебиеті кітапханасы ашылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Сабақтарды аптасына екі рет білікті мамандар – қазақ тілі мұғалімі Жазира Байжұманова мен филолог Сұлтан Қамалиден жүргізеді. Қазақ тілін үйренгісі келетіндердің барлығына ыңғайлы болу үшін курстар екі топқа бөлінеді – словак және орыс тілдерінде оқытатын топтар. Сабаққа жеке қатыса алмайтындар үшін сабақтардың онлайн трансляциясы ұйымдастырылады. Қазақстанда шыққан қазақ тілі оқулықтарын елшілік қамтамасыз етеді»,—делінген хабарламада.

Ал Қазақстанның тарихы мен мәдениетімен танысқысы келетіндер үшін Қазақстанның Словакиядағы елшілігі жанынан қазақ әдебиетінің кітапханасы ашылды. Кітапхана қорында хакім Абай, Мағжан Жұмабай, Мұхтар Әуезов, Ілияс Есенберлин, Әбдіжәміл Нұрпейісов және басқа да қаламгер классиктердің қазақ, словак, чех, орыс және ағылшын тілдеріндегі кітаптарының мол жинағы бар. Кітапхана демалыс күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін ашық.

Пікірлер