Назарбаевсыздандыру. Экс-президенттің балауыз мүсіні де алынды

750
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстан Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейі тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың балауыз мүсінін алып тастаған, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Мүсін алты жыл бұрын елордадағы музейге орнатылған.

Музей әкімшілігі көрме залында Кеңес одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына байланысты реэкспозиция бойынша жұмыстар жүргізіліпті.

"2024 жылы Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері" көрме залында Сағадат Қожахметұлының өмірі мен әскери қызметін толық қамту мақсатында реэкспозиция өткізілді", - делінген әкімшілік хабарламасында.

Пікірлер