Су басу: Үш облыста сотқа дейінгі тергеу басталды

1858
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Су тасқынына байланысты еліміздің үш өңірінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бас прокуратура бүгінгі күні жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланған 10 облыста уәкілетті мемлекеттік органдар тасқын салдарын жою және азайту жөніндегі шаралар қабылдап жатқанын хабарлады.

"Прокуратура органдары нақты елді мекендерді су басу, жолдардың, көпірлердің, гидротехникалық және басқа да объектілердің қирау себептерін белгілейді.  Атап айтқанда, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы, су тасқынының алдын алу жөніндегі жоспарлардың уақтылығы мен толықтығы зерттелуде. Қорытындысы бойынша әрбір уәкілетті органның қызметіне тиісті құқықтық баға берілетін болады. Бүгінгі таңда прокурорлар Ақтөбе, Алматы және Атырау облыстарында сотқа дейінгі 4 тергеп-тексеруді бастады", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бас прокуратура төтенше жағдайға қатысты жалған ақпарат таратпауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер