Ел басына күн туса…

2068
Adyrna.kz Telegram

Соңғы жаңалықтарға сүйенер болсақ, еліміз кейінгі 80 жылда болмаған үлкен апатқа тап болды. Тасқын судың салдарынан қара халық қазір қиынжағдайды басынан өткеруде. Осы жәйттердің барлығы «Ел басына күн туса, ер етігімен су кешер» деген сөз бекер айтылмағандығын еске салады. Өкінішке қарай, еліміздің он екі аймағын су басып, олардың саны күн санап артып отыр.

Халқымызда атадан келе жатқан «Ел басына күн туса, ер етікпен су кешер» деген даналық сөз бар. Осы бір мақал дәл осы жағдаяттарға келтіреайтылғандай. Еліміз азаттық алып, тәуелсіздікке қол жеткізіп, мемлекет ретінде тұғырлы орыннан көрініп, әлемнің ең озық мемлекеттері қатарына еніп, жетістіктерге қол жеткізіп, дамыған елдер қатарына енді. Алайда, апат айтып келмейдідемекші. Соңғы айлардағы табиғи апаттар елімізді есеңгіретіп тастағаны да жасынын емес.

Қазақстанда көктемнің келуімен еріген қар Ақтөбе мен Қостанай қалаларында су тасқыны қарқын алып, мыңдаған адам тікұшақ және қайықтармен эвакуацияланды. Қазақстанда ауа райы жылынуымен қатар, қардың суы еріп елдің солтүстік, батыс және шығыс бөлігінде су тасқынына әкелді. Әсіресе, Ақтөбе мен Қостанай қалаларында өзен арнасынан тасып, кейбір елді-мекендер қатты зардап шекті. Қазірде мекен тұрғындары жақын қалаларға жеткізілді. Қара шаңырақтарын тастап кетуге мәжбүр болған мыңдаған жергілікті халық әскери тікұшақтар және жылдам қайықтар арқылы қауіпсіз аймаққа көшірілді. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәлімдемедесіне сүйенсек, су тасқынының салдарын Ақтөбеде  наурыздың 21-нен бастап аз дегенле 500 мың текше метр су сорылғаны баса айтылды. Қоршау ретінде 50 мыңнан астам құм қойылған қаптармен қоршалды.Тасқынынан жәбір көрген Ақтөбе әуежайында су сору жұмыстары аяқталып, судан қауіп төнген аймақтардағы жан-жануарларға дейін қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Осы тұста, президент Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты тұлғалармен шұғыл жиын өткізгенболатын. Бұл ретте, ақпарат министрі Аида Балаева өз сөзінде жалған ақпарат таратқандар «жауапқа тартылады» деп баса айтты. Одан кейінгі мәлімдемесінде Аида Балаева: «Әлеуметтік желілерде арандатушылық сипаттағы жалған ақпараттар да тарап жатыр... Бұл онсыз да су тасқынының бел ортасында апатпен күресіп жатқан төтенше жағдайлар қызметінің жұмысын қиындата түседі…» деген болатын, Facebook парақшасында.

Президентіміз өз кезегінде халықпен хабарда болып «Қазір тиісті мекемелердің бәрі белсенді түрде жұмыс істеп жатыр. Кейбір жерде тасқын су көтеріліп жатыр. Бұл – табиғи апат. Қысқасы, алдымызда тұрған жұмыс өте ауқымды. Бәріміз бір ел, бір ұжым болып осы апатты еңсеруіміз керек. Менің тапсырмам бойынша облыстардың әкімдері жұмысқа белсенді кірісті», – деген еді. Қазірде президент бұйрығымен апаттан қорғану жұмыстары өз кезегімен жасалынып жатыр. Дегенмен, табиғи апаттың күтпеген қиындықтары таусылар емес.

Не десек те, айтпай келген жаудан қорғанудың бір ғана жолы бар. Ол бірлікте болу, қамқорлық таныту. Деректерге сүйенер болсақ, су тасқыны орын алғаннан бері құтқарушылардың көмегімен 100 мыңнан астам адам құтқарылыпты. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингтегі мәлімдемесінде айтты. Оның мәлімдемесі бойынша табиғи апаттан құтқарылғандардың шамамен 40 мыңға жуығы кішкентай бабалар. Он млн-ға жуық еріген қар суы сорылып, екі млн-ға жуық қоршаушы қапшық төселген. Дәл қазір 36 мыңға жақын адам апаттық құтқару шараларына жұмылдырылғандығы анықталды. Қазіргі таңда олардың саны артуда, себебі, күн сайын су алған аумақтар көлемі көбейіп келеді. Айтқандай, ел басына күн туып, елменен бірге су кешетін күндерден аман-есен өтейік деп тілейік.

Пікірлер