Тәжікстанда Ресеймен бірге әскери жаттығулар басталды

611
Adyrna.kz Telegram

Тәжікстанның Хатлон облысындағы «Харб-Майдон» таулы-шөлдік полигонында 15 сәуірде Ресей мен Тәжікстан қарулы күштерінің қатысуымен екіжақты әскери жаттығулар басталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

“Оқу-жаттығу жұмыстарының негізгі мақсаты – лаңкестік топтармен күресудің тиімді стратегияларын әзірлеу және шекараны қорғау кезінде әскери бөлімдерді басқару жүйесін күшейту” делінген хабарламада.

Бірлескен оқу-жаттығулар 18 сәуірге дейін жалғасады. Оларға Орталық әскери округтің 201-ші Ресей әскери базасының бөлімдері, атап айтқанда, тау атқыштары, мотоатқыштар, танк экипаждары, артиллерияшылар және барлаушылар қатысады.

Сонымен қатар, оқу-жаттығуларға химиялық, радиациялық және биологиялық қорғаныс мамандары мен ұшқышсыз ұшақтардың операторлары қатысуда. Оқу-жаттығуларға Ми-24 шабуылдаушы тікұшақтарында және Ми-8МТВ5-1 көліктік-жауынгерлік тікұшақтарындағы авиациялық топтың экипаждары қатысуда.

Жаттығуларға химиялық және биологиялық қорғаныс саласындағы кәсіби мамандар, ұшқышсыз ұшу аппараттары және электронды соғыстың мобильді топтары да тартылды.

Пікірлер