Кэмерон келерде. Президент Тоқаев Өзбекстан басшысымен сөйлесті

579
Adyrna.kz Telegram

Президент Тоқаев Өзбекстан басшысы Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Мемлекет басшылары бір-бірімен аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқынына байланысты тілеулестік танытқан Өзбекстан президентіне, халқына алғыс білдірді.

Телефон арқылы қос президенттер қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту, сондай-ақ бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылады.

24-25 сәуірде Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия құрама корольдігінің сыртқы істер, достастық және халықаралық даму министрі Дэвид Кэмеронның Орталық Азия елдеріне сапары жоспарланған. Министр ертең Қазақстан астанасына ат шалдырады.

Пікірлер