Зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер ақысыз еңбек демалысына шыға алады

677
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары еңбек демалысына шыға алады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қазақстанда Еңбек кодексіне тиісті түзетулер енгізілді. Енді тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырап, зардап шеккендер 30 күндік ақысыз еңбек демалысына шыға алады.

"Жұмыс беруші қызметкерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарда болған уақытында жалақысы сақталмайтын, бірақ күнтізбелік 30 күннен аспайтын демалыс беруге міндетті", – делінген құжатта.

Еске сала кетейік, өткен жылы 69 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған.

Пікірлер