Басқыншы сапындағы "Санақшы". Ресей соғысындағы қазақстандық жайлы мәлімет тарады

1398
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің Украинадағы соғысына Қазақстаннан барған тағы бір адам туралы мәлімет тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы aif.ru сайтына сілтеп.

Аргументы и факты сайтында “Санақшы” есімді қазақ жігіттің Ресейдегі соғыс сабына қалай қосылғаны туралы айтылады. Соғыс басталғанға дейін ол Алматы тұрғыны болған.

“Мен 2022 жылғы Қаңтар оқиғасын өз көзіммен өз үйімде бақылап, сол кезде де Қазақстандағы төңкеріс Қазақстанға емес, ең алдымен Ресейге сырттан әсер етуі мүмкін екенін ойлағанымды мойындаймын. Ресей соғыс жорықтарын бастағанда отбасымда пікір екіге жарылды” дейді ол.

“Санақшының” айтуынша оның соғысқа кетуіне жұбайы қарсы болған:

«Әйелім соғысқа баруыма қарсы болды, бірақ мен Ресейді қолдадым. Соның негізінде арамызда үнемі ұрыс-керіс пайда бола бастады. Менің ойымша, бұл көптеген отбасыларда болды. Алайда, бұл менің өмірімді түбегейлі өзгерткен оқиғаға әкелді», - деп есіне алды ол.

Дерекке сүйенсек, “Санақшы” “Ахмат” арнайы жасағының қатарына қосылған.

«Қазақстанда болып жатқан оқиғалар мені қатты қынжылтады. Қазір онда Украинадағыдай процестер жүріп жатыр. Бұл мені қатты алаңдатады», - дейді “Санақшы”.

”Санақшы" өзін Қазақстанда не күтіп тұрғанын, қандай айыппен жауапқа тартылатынын да жақсы білетінін айтқан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандықтардың Украина жеріндегі соғысқа араласуына қатысты 10 қылмыстық істі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлаған болатынбыз.

 

Пікірлер