"Абайсызда кісі өлтірді": Прокуратура қызметкері 1,5 жылға сотталды

761
Adyrna.kz Telegram
фото: Ratel.kz
фото: Ratel.kz

Маңғыстауда аудан прокурорының бұрынғы орынбасары абайсызда кісі өлтіріп алғаны үшін 1,5 жылға сотталды, деп жазады "Адырна" тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеп.

Сотта 2023 жылдың желтоқсан айында Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы прокурорының бұрынғы орынбасары Ақтау қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары, жәбірленушімен жанжалдасып, ақырында оны ауыр соққыға жыққаны анықталған болатын. Соққының салдарынан жәбірленуші жерге құлап, есін жимастан қайтыс болған.

Сотталушы кінәсі сот сараптамаларының қорытындыларымен және істің басқа материалдарымен дәлелденіп отыр.

Жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы бастапқы айыпты өзгертіп, Т-ны ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тануды сұрап, іс өзгертілген айып бойынша қаралған.

"Сотталушы Т. өзгертілген айып бойынша ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігімен (абайсызда қазаға ұшыратқаны үшін) кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Қазіргі таңда іс апелляциялық сот алқасында қаралуда", - делінген Ақтау қалалық сотының хабарламасында.

Пікірлер