“Граната лақтырамын”. Астанада ақша айырбастау пунктінде қарулы шабуыл жасалды

1184
Adyrna.kz Telegram

Астанада бетін тұмшалап, қолғап киген белгісіз ер адам граната жарып жіберемін деп қорқытып, ақша айырбастау пунктін тонамақ болды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бейнебақылау камерасындағы видеоны айырбастау пунктінің Instagram желісіндегі парақшасы көпке жария етті. Видео астына шабуыл жасаған адамды сыртқы түрі немесе даусы бойынша анықтауға көмек сұрады.

Дыбыс анық естілмейді, бірақ қолында қаруға ұқсас заты бар қарақшы «Ренжімеңіз» деп қайталап, барлық ақшаны өзіне беруді сұрап жатқанын байқауға болады. Ондай болмаған жағдайда, ер адам гранатаны жарып жіберемін деп қорқытады.

Қарақшы өзінің жоспарын жүзеге асыра алды ма, жоқ па, әзірге  белгісіз. Бұл оқиғаға Астана полиция департаменті түсініктеме берді.

«Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, елордалық полицейлер жедел іздестіру шаралары барысында күдіктіні анықтап, ұстады», - деп хабарлады қалалық полицияның баспасөз қызметі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Bayliq Est. 1996 (@bayliqfinance)

 

Пікірлер