Атырауда тағы да жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды

625
Adyrna.kz Telegram

Атырауда мас науқас жедел жәрдем қызметкерін соққы жыққан. Бұл туралы Атырау облысының полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“1 мамыр күні түнгі сағат 3:40 шамасында жедел жәрдем қызметінің фельдшерін ұрып-соққан 20 жастағы күдікті анықталып ұсталды”, делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Наркологиялық сараптама нәтижесі бойынша күдіктінің жеңіл дәрежеде мас болғаны белгілі болған.

Ақпарат бойынша, күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Медициналық сараптама тағайындалды.

Айта кетейік, осыған ұқсас оқиға биыл жыл басында резонанс туғызған. 26 қаңтардан 27 қаңтарға қараған түні Қарағандыда ер адам жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан болатын. Сот бүгін тікелей эфирде көрсетілді.

Пікірлер