Атыраулық екі жігіт түн ортасында төбелес шығарған

1635
Adyrna.kz Telegram
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Атыраудағы дәмханалардың бірінде екі жігіт арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Жанжал 30 желтоқсанда сағат 00:50 шамасында болған.

«Тез тағам дайындайтын дәмхананың бірінде 1996 және 1999 жылғы екі жігіт жанжалдасқан. Өзара сөзге келіспеген олар көшеге шығып, жол бойында төбелескен. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, құқық бұзушыларды ұстады», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жанжалдасқандар арасында ешкім жарақат алмаған. Бірақ олар қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабымен әкімшілік қамауға алынды. Жинақталған іс құжаттар сотқа жолданады.

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер