Техас штатын да су басты

2036
Adyrna.kz Telegram
Фото: mir24.tv
Фото: mir24.tv

Техас штатының оңтүстік-шығыс аудандарын тасқын су басты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Хабар24-ке сілтеп.

Жұма күні басталған жауын толассыз жауып,  Полк, Монтгомери, Либерти және Харрис аудандарын жайлаған.

Салдарынан өзен, көлдер арнасынан тасып, Сан-Хасинто өзенінің шығыс тармағындағы су максималды деңгейге жеткен. Құтқарушылар 400-ден астам адамды суда қалған үйлерінен және жолдарда құтқарып қалды.

Синоптиктер тасқын су кейбір үйлердің шатырына дейін жеткенін хабарлаған.

Ал Райан Холл есімді бақылаушы мұндай тасқынды көрмегенін айтады.

"Бұл менің карьерамда көрген ең қатты тасқын. Өзім осы жердің тумасымын, өзен суының осыншама биік көтерілген кезі есімде жоқ. Кеше техасстық бақылаушылар 100-ден аса адамды құтқарды. Қалғанын біздің жергілікті серіктестеріміз бен өзге де мемлекеттік ұйым өкілдері құтқарды. Сан-Хасинто өзені су басқармасының мәліметінше, соңғы аптада Конро көлінің маңайына 50 см жауын-шашын түскен. Қатты жаңбыр салдарынан бөгеттегі су мөлшерінен асып, тасыған соң жырып ағызуға мәжбүр болған", - деді ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер