Мемлекет басшысы Вьетнамның жаңа президентін құттықтады

679
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін То Ламға Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті болып сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Мемлекет басшысы Вьетнам президентінің алдағы барлық бастамасына табыс, ал достас вьетнам халқына бақ-береке тіледі.

«Сіз осы лауазымда қызмет еткен кезеңде ғажап еліңіз одан әрі гүлденіп, үйлесімді және орнықты қоғам құру жолында тұрақты дами беретініне сенімдімін. Қазақстан мен Вьетнамды өзара сенім мен ортақ мүддеге негізделген тығыз қарым-қатынастар байланыстырады. Елдеріміздің мүддесі жолындағы көпқырлы ықпалдастықты өркендету үшін жаңа мүмкіндіктерді Сізбен бірлесіп пайдалануға дайынмын», – деп жазылған жеделхатта.

Осыған дейін Вьетнамның Ұлттық жиналысы (бір палаталы парламент) сәрсенбі күні Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі То Ламды елдің жаңа президенті етіп сайлаған болатын.

Пікірлер