Бүгін, 22 мамырда Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Иран ислам республикасына жұмыс сапармен барды. Тегеранда Ерлан Қошанов президент Ибрахим Раисидың қайтыс болуына байланысты көңіл айту және құрмет көрсетуге арналған іс-шараға қатысты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бүгін Иран халқы тікұшақ апатынан қаза тапқан президент Ибрахим Раисимен қоштасты. Көңіл айту және құрмет көрсетуге арналған іс-шараға Қазақстан делегациясын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды.
Палата спикері Иран Ислам Республикасының бірінші вице-президенті Мохсен Мансуримен және мемлекеттің жоғары саяси басшылығымен кездесіп, Қазақстан Президентінің атынан бүкіл Иран халқына, сондай-ақ қаза тапқан адамдардың отбасыларына көңіл айтты.
– Біздің президентіміз бұл суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алды. Иранның жоғары лидері Әли Хаменеи мен Иран халқына қөңіл айту хаттарын

Мәжіліс спикері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың достас Иранмен сенімді серіктестік пен тығыз әріптестікті нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті.
– Осындай қиын кезеңде Астанадағы елшілігімізге барып, біздің халқымызға қолдау көрсеткені және Иранның жоғары лидері Әли Хаменеи мен халқымызға қөңіл айту хаттарын жолдағаны үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымыз шексіз. Мұны ешқашан ұмытпаймыз. Алдағы уақытта қарым-қатынасымызды да дамыта беруге мүдделіміз, – деді Мохсен Мансури.